Футбол • 10 Шілде, 2017

«Астана» футбол клубы Латвияға ұшып барды

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​​​​​​​Бүгін «Астана» командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Спартак» командасына қарсы кездесу үшін, Латвияға ұшып барды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана» футбол клубы Латвияға ұшып барды

Қазақстанның үш дүркін чемпиондары сырт алаңдағы кездесуге 21 ойыншымен аттанды:

Қақпашылар: Александр Мокин, Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен;

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Игорь Шитов, Юрий Логвиненко, Марин Аничич, Абзал Бейсебеков;

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Марин Томасов, Серікжан Мужиков, Мади Жақыпбаев, Срджан Граховац;

Шабуылшылар: Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Роман Мұртазаев, Владислав Прокопенко және Джордже Деспотович.

Бүгін команда «Спартак» командасының Юрмаладағы стадионында БАҚ үшін жабық жаттығу жұмыстарын өткізеді. Ал ертең елордалық команданың бас бапкері Станимир Стойловтың қатысуымен баспасөз жиыны және ашық жаттығу жұмысы өтеді.

Ойын 12-ші шілде күні жергілікті уақытпен 19:00-де басталады. (Астана уақытымен 22:00-де).

Астана – Рига бағытындағы ұшақ 4 сағат 25 минут ұшса, Латвияның халықаралық әуежайынан Юрмаладағы қонақ үйге дейін жарты сағаттай уақыт жолға кетті.